102057983

Қазақстанның ат спорты үшін керемет жаңалық!

30 қаңтар күні Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) 160 шақырым қашықтықта өткен халықаралық CEI 3*деңгейіндегі төзімділік ат жарысы аяқталды.

Бұл жарыс қазан айында Сауд Арабиясында өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болды.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Наталья Долгих Қазақстан намысын абыроймен қорғап, мықты спортшылар арасында 8-орынға ие болды. Осы нәтижесі арқылы ол алдағы Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды!

Бұл — әлемдік деңгейдегі додаға жасалған маңызды қадам.

Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы Наталья Долгихті үлкен жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда ел абыройын асқақтататын жарқын жеңістер тілейді!

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1