102057983

01Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орай республикалық бәйге өтті.

Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді. Айтулы бәйге жарысын тамашалауға 8,5 мыңнан астам көрермен жиналып, жанкүйерлер жарысқа ерекше қолдау көрсетті.

01Астана қаласы маңындағы Қазанат атшабарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай республикалық бәйге жарысының ашылу салтанаты өтті.

Додаға еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық сәйгүлік қатысуда.

Алғаш рет Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде халықаралық деңгейдегі FEI Jumping World Challenge Final турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 11 елден келген талантты шабандоздардың басын қосты.

Бұл беделді жарыстың Қазақстанда өтуі – ат спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, еліміздің халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Турнирдің басты ерекшелігі – қатысушылардың өздеріне бейтаныс, ұйымдастырушылар ұсынған аттармен сынға түсуі. Мұндай формат шабандоздың кәсіби шеберлігін, бейімделу қабілетін және атпен қысқа уақыт ішінде өзара сенім орната алуын айқындайды.

Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы Ұлттық спорт федерациясы мәртебесінде мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлік алды.

Бұл маңызды жетістік федерацияның ресми мәртебесін растап, еліміздегі ат спортының дамуына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және спортшыларды әлемдік деңгейдегі жарыстарға даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осы айтулы оқиғамен барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды және ат спорты жанашырларын құттықтаймыз!

Тәртіпбек көмекке асығады: Астанада балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрететін жаңа кейіпкер пайда болды.

Анимациялық кейіпкер «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып әзірленген қала прокуратурасының профилактикалық бейнеролигінің басты кейіпкеріне айналды.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1