102057983

Министрлік спорт нысандарын дамытудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырып жатыр

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысу мүмкіндігін арттыру шаралары туралы баяндады.

📊 Қазіргі ахуал:
Елімізде 25 760 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 23 678-і – мемлекеттік, 2 082-сі – жекеменшік.
Спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 55,1%-ға жетті. Мақсатымыз - бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 65%-ға жеткізу.

🔹Жаңа нысандар:
Соңғы жылдары жобалау мен пайдалануда заманауи стандарттар енгізіліп, нысандардың қолжетімділігі мен тиімділігі артып келеді. Биылғы 9 айда 35 спорт нысаны пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысы аяқталады.

🔹 Ірі жобалар:
• Түркістандағы халықаралық деңгейдегі есу арнасы
• Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті, ол білім, ғылым және спорт бағыттарын біріктіретін орталыққа айналады.

🔹Футбол инфрақұрылымы:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерде демеушілер есебінен жаңа стадиондар салынуда.
Қызылордада 11 мың орындық УЕФА талаптарына сай стадион ашылды. Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Өңірлерде тағы 14 жаңа стадионның жобасы әзірленуде.

Министрлік 685 футбол алаңын салу жоспарын іске асырып жатыр. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған нысандар да салынуда.

🔹Қаржыландыру мен серіктестік:
Бюджеттен бөлек, «Қазақстан халқына» қоры мен арнайы мемлекеттік қорлардың қаражаты есебінен ауылдық жерлерде спорт мектептері мен кешендер салу жобалары жүзеге асуда.

✅Толығырақ Министрліктің ресми сайтында

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1