102057983

Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орай республикалық бәйге өтті

Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орай республикалық бәйге өтті.

Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді. Айтулы бәйге жарысын тамашалауға 8,5 мыңнан астам көрермен жиналып, жанкүйерлер жарысқа ерекше қолдау көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.

Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық «Құнан» бәйге, 16 шақырымдық «Топ» бәйге және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей «Changan» автокөлігі және бір бөлмелі пәтер табысталды.

 

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1