102057983

Қазақстан садақшылары халықаралық турнирде топ жарды

2026 жылдың 4–6 наурыз күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында дәстүрлі садақ атудан Tashkent International Traditional Archery Competition халықаралық турнирі өтті.

 

Жарысқа Түркия, Малайзия, Кипр және басқа да елдерді қоса алғанда жеті мемлекеттен келген спортшылар қатысып, Qalqon Target және Anor Target нысаналары бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.

Халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жекелей сындарда да жоғары нәтиже көрсетті:

🥇 Тапенов Ербол — “Қалқан” нысанасы, 50 метр — 1 орын
🥈 Батихан Айкөркем — “Қалқан” нысанасы — 2 орын
🥉 Батихан Айкөркем — “Анор” нысанасы — 3 орын
🥉 Ахметов Диас — “Қалқан” нысанасы, 50 метр — 3 орын

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1