102057983

«Таза Қазақстан»: «Арғымақ» ат спорты клубы экологиялық акцияға белсенді қатысты

Бүгін «Арғымақ» ат спорты және ұлттық спорт түрлері клубында «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық аясында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға клуб қызметкерлері, спортшылары мен жаттықтырушылары белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі іске өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында мекеме аумағы, жаздық және қысқы ат қораларының айналасы, сондай-ақ іргелес аумақтар тазартылып, жиналған қоқыстар шығарылды. Ұжым мүшелері бір кісідей жұмылып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Клуб қызметкерлерінің айтуынша, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың басты борышы. Осы қағиданы берік ұстанған ұжым мұндай экологиялық бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға тұрақты түрде атсалыса бермек.

Айта кету керек, мұндай іс-шаралар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1