Астана қаласы әкімдігінің «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешені» МКҚК қызметкерлері ұлы Абайдың 180 жылдығына қатысты өтіп жатқан челлендж аясында ақынның өлеңін оқыды.
Абай Құнанбайұлы – ұлттық руханиятымыздың биік шыңы. Оның әрбір өлеңі — өмір сабағы, өсиет пен өнегенің қайнар көзі.


