Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешені» МКҚК конкур бөлімінің спортшысы әрі жаттықтырушысы Қылышбек Ғаппардың жаттығу сәтінен үзінді ұсынамыз.
Ол — Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Губернатор кубогының иегері. Қылышбек — спорт шеберіне үміткер, тәжірибелі әрі табанды спортшы.
Жеткен жетістіктері мен спортқа деген шынайы сүйіспеншілігі оның әрбір жаттығуынан-ақ байқалады. Бүгінде ол тек өзі биік белестерді бағындырып қана қоймай, шәкірттерін де үлкен спортқа дайындап, оларға үлгі болуда.


