102057983

«Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің ұжымы Есіл өзені бойында өткен «Бұрқасын-2026» қысқы фестиваліне қатысып, мерекелік атмосфераны тамашалады.

Биыл 25-ші рет ұйымдастырылған фестивальге 2000-нан астам адам жиналды. Шара Милан-2026 қысқы Олимпиадасы қатысушыларын қолдау мақсатында және «Заң және тәртіп» акциясы аясында өтті.

2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Бұрқасын» алғашында спорттың 5 түрін ғана қамтыса, бүгінде олардың саны 13-ке жетті. Қатысушылар шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, валенкимен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы мини-футбол, қар лақтыру, қысқы волейбол, мас-рестлинг және тюбинг бойынша бақ сынады.

Фестиваль қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, салауатты өмір салтын насихаттауға тағы бір мүмкіндік берді.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1