Сеулде өткен конкурдан Азия федерациясының кубогында ел намысын қорғаған астаналық спортшы Малика Серік 100 см биіктіктегі кедергілерді еңсеріп, жасөспірімдер санатында алтын жүлде иеленді!
Бұл — Маликаның халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі, әрі ол бірден Қазақстанға жеңіс сыйлап отыр!
— Маликаның бұл жетістігі – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Біз оған үлкен үміт артамыз, — дейді бапкері Ержан Мағжаев.
Жарайсың, Малика! Қазақстан сенімен мақтанады!


