102057983

Астанада конкур бойынша Қазақстан Республикасы кубогы өтіп жатыр

Бүгін «Арғымақ» АССК базасында ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкур (кедергілерден өту) бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Жарыс 20-22 маусым аралығында өтеді.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген үздік спортшылар қатысуда. Жарыс бағдарламасы екі санат бойынша ұйымдастырылған. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі түрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетеді.

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылуда. Бұл жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, әділ бағалануы мен кәсіби төрелікке кепілдік береді.

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дәрежесіне сай дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Конкур бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы – бұл жай ғана жарыс емес, болашағы зор спортшылар мен тұлпарларды анықтайтын, сондай-ақ ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеуге бағытталған маңызды кезең.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1