Өткен сенбі күні, 20 қыркүйекте, елорданың барлық ауданында «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды жалпы қалалық сенбілік өтті.
Шараға Астана қаласы әкімдігінің "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінің ұжымы да белсене атсалысты. Қызметкерлер кешен аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп, акцияның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.



