102057983

Эстония Президенті Алар Карис «Арғымақ» кешенінде қазақ дәстүрімен танысты

Күні кеше «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Эстония Президенті Алар Карис бастаған 150-ге жуық делегация ресми сапар аясында мәдени бағдарламаға қатысты.

Қонақтарды ұлттық дәстүрмен қарсы алу үшін төрт киіз үй тігілді. Киіз үйлер қазақ ою-өрнектерімен, тұрмыстық бұйымдарымен безендіріліп, қонақтарға қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыруға мүмкіндік берді.

Делегация өкілдері ұлттық музыкалық аспаптарды тыңдап, дәстүрлі қолөнер жәрмеңкесін тамашалады. Зергерлік бұйымдар, тоқымашылық өнімдері, ағаш және былғарыдан жасалған бұйымдар, кесте өнері ұсынылып, бірқатар туындылар естелікке сатып алынды.

Президент Алар Карис пен жұбайы «Асық ату» ұлттық ойынын ойнап, оның балалардың қозғалыс дағдыларын дамытудағы маңызын атап өтті. Ат алаңында «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Көкпар», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ат спорты ойындары көрсетіліп, қонақтар қазақтың ерлік дәстүрі мен жылқы мәдениетіне куә болды.

Эстон делегациясы қазақ халқының қонақжайлылығы мен мәдени мұрасына тәнті болып, іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосты.

 

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1