2025 жылғы 29 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанада Конкур бойынша Евразиялық лиганың Әлем кубогы кезеңі (FEI CSI1-W) және атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI1) өтеді. Жарыстар Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады.
Байрақты бәсекеге Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен және басқа да шетелдерден 60-тан астам шабандоз қатысады.
Спортшылар 2026 жылы өтетін FEI Әлем чемпионатына жолдама беретін рейтингілік ұпайлар үшін сайысқа түседі.
Турнир бағдарламасы конкур мен дрессура сияқты көрерменге қызықты, әсерлі спорт түрлерін қамтиды. Бұл дода көпшілік қауымның назарын аударып, ат спортына деген қызығушылықты арттырады.
Астанада халықаралық деңгейдегі турнирдің өтуі еліміздегі ат спортының дамуына үлкен серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.


