Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді 7 маусым күні қасиетті Құрбан айт мерекесі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында өтетін кең ауқымды республикалық бәйге турниріне шақырамыз!
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген таңдаулы тұлпарлар мен шабандоздар бақ сынайды. Ұлттық рухты ұлықтайтын жарыс 9 шақырымдық «Құнан», 16 шақырымдық «Топ» және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге бойынша өтеді. Жеңімпаздарға қомақты ақшалай сыйлықтар, автокөлік және баспана табысталады. Жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.
Салтанатты ашылуы — 7 маусым күні сағат 11:00-де.
Кіру тегін! Келіңіздер! Ұлы даланың дүбірлі дәстүріне бірге куә болайық!



