102057983

Республика күні қарсаңында

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Олардың қатарында кешеніміздің басшысы, ұлттық спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Хасенов Аманжол Амандықұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Аманжол Амандықұлын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – тәуелсіздігіміздің тұғыры мен ел бірлігінің символы. Әрқайсымыздың еңбегіміз ел дамуына, спорт саласының өркендеуіне және ұлт рухының биіктеуіне үлес қоссын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

 

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1