20 наурыз күні сағат 11:00-де Астана қаласы маңындағы “Арғымақ” ат спорт және ұлттық спорт түрлері клубы аумағында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне арналған ұлттық және ат спорты түрлерінен көрсетілімдік қойылым өтеді.
Іс-шара барысында көрермендер Қыз қуу, Аударыспақ, Көкпар және Теңге ілу сияқты ұлттық ойындарды тамашалай алады. Сонымен қатар қазақы Тазы иттерінің және қыран құстардың көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылатын қыран құстар — Бүркіт, Ителгі және Қаршыға таныстырылады.


Культурное наследие и обычаи казахского народа – основа духовного богатства нации. Пусть этот день напомнит нам о важности традиций, искусства и единства!
Ізгілік пен мейірім – қоғамның басты құндылықтары. Бүгінгі күн жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға көмектесуге және қайырымды істерді көбейтуге арналған. Баршамызға жүректен шыққан қамқорлық, жанашырлық пен бірлік тілейміз!
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Арғымақ ат спорты және ұлттық спорт түрлері клубының басшысы Хасенов Аманжол Амандықұлы, сондай-ақ клуб қызметкерлері мен бапкерлері бүгінгі республикалық референдумда өз азаматтық міндеттерін орындап, дауыстарын берді.
Әз-Наурыздың жаршысы, жаңару мен жақсылықтың белгісі – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймыз!