102057983

Елорда маңындағы «Қазанат» атшабарында 7 маусымға белгіленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылатын ауқымды республикалық бәйге жарысының басталу уақыты өзгерді.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылуы 7 маусым күні кешкі сағат 17:00-де өтеді. Ашылу рәсімінен кейін бәйге жарыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

Астанада FEI Jumping World Cup Eurasian League, FEI Jumping World Challenge Final 2026 және FEI CDI 1/CDI 3 Dressage** жарыстарын біріктірген халықаралық ат спорты турнирі аяқталды. Үш жарыс күні бойы аренада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бразилия, Үндістан, Беларусь, Колумбия, Марокко, Оңтүстік Африка Республикасы және басқа да елдердің спортшылары өнер көрсетті. Турнир маусымдағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналып, әлемнің және өңірдің үздік шабандоздарын жинады.

Турнир FEI Jumping World Challenge Final іріктеу жарыстарымен және CSI-W Әлем кубогы кезеңімен басталды. CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасының 125 см бағыты бойынша Хуршидбек Әлімжанов (Өзбекстан) CHAMPIONS LEAGUE тұлпарымен жеңіске жетті. Бекжан Байжанұлы (Қазақстан) KING DIAMOND тұлпарымен күміс жүлдеге ие болса, Ринат Галимов (Қырғызстан) D’ARTAGNAN Z тұлпарымен қола жүлдені жеңіп алды.

Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 турнирінің алғашқы іріктеу жарысы өтті. Бұл сын Challenge финалы аясындағы маңызды халықаралық старттардың бірін бастап берді.

115 см биіктіктегі кедергілер бағыты жарыстың алғашқы күніндегі негізгі бәсекелердің бірі болды. Аренаға шыққан спортшылар дәлдік, жылдамдық, сенімді техника және атпен үйлесімді қимыл көрсету бойынша сынға түсті. Мұндай бағытта қашықтықты таза өту ғана емес, әр кедергідегі есеп, қарқынды дұрыс ұстау және бүкіл маршрут бойындағы тұрақтылық ерекше маңызды.

Жарысқа халықаралық деңгейдегі спортшылар қатысып, Астанада өтіп жатқан FEI Jumping World Challenge Final 2026 финалының шымылдығын әсерлі түрде ашты. Турнир атмосферасы спорттық бәсекенің қызуын, жоғары ұйымдастыру деңгейін және көрерменнің ат спортына деген ерекше ықыласын бір арнаға тоғыстырды.

Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 басталды.

29 мамыр күні Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 турнирінің алғашқы іріктеу сыны өтті. Халықаралық жарысқа түрлі елден келген спортшылар қатысып, FEI әлемдік челленджі финалының маңызды кезеңдеріне жол ашты.

 

29-31 мамыр күндері өтетін FEI халықаралық турнирлерінде сіздерді әлемдік ат спортының эмоциясы ғана емес, кештің көркін қыздыратын хедлайнерлер де күтеді.

Сахнада:

🔥 ADAM

🔥 MACHENSKII

🔥 Kalifarniya

Конкурдың қуаты, атпен мәнерлеп жүрудің әсемдігі және үздік шабандоздардың тартысты бәсекесі.
Музыка, энергия және ұмытылмас атмосфера.

Астанада алғаш рет бір алаңда бірден үш халықаралық FEI турнирі өтеді:

FEI Әлем кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық жарыстары.

📍 «Арғымақ» ат спорты кешені

📅 29–31 мамыр

Кіру тегін

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1