102057983

Ұлттық спорт түрлері — Қазақстанның мәдени кодының маңызды бөлігі әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Биыл маусым айында күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен бір деңгейде басым бағыттар қатарына енгізілді. Бұл ұлттық спортты мақсатты түрде қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде тануға жол ашады.

2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы:

«Ұлттық спорт — мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі және ұлт саулығын тәрбиелеудегі маңызды құрал», — деп атап өткен еді.

Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері алғаш рет қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған ірі мәдени-аграрлық шара – «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» өтеді.

Ауқымды жобаның бір бөлігі ретінде «Арғымақ» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мәдени-спорттық іс-шара – «Ер қанаты» ұлттық жылқылар көрмесі мен «Керемет ат» спорттық бағыттағы жылқыларды жетектеп көрсету ұйымдастырылады. Көрме сағат 14:00-де басталады.

«Ер қанаты» көрмесі аясында келушілер халқымыздың ғасырлар бойы серігіне айналған, көшпелі өмір салтымен біте қайнасқан Мұғалжар, Көшім, Адай, Қостанай, Жабы сияқты таза қанды қазақы жылқы тұқымдарын тамашалай алады. Бұл жылқылар тек көлік құралы ғана емес, батыр бабаларымыздың сенімді серігі, тіршіліктің ажырамас бөлігі болған.

Сонымен қатар, ағылшын, ахалтеке және өзге де әлемге танымал спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұлпарлар көрсетіліп, көрме қонақтарына олардың сырт келбеті, жылдамдығы мен ерекше қасиеттері туралы кеңірек мәлімет беріледі.

Мемлекет басшысының жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі қолдауы мен стратегиялық шешімдерінің нәтижесінде Қазақстан халықаралық спорт аренасындағы орнын нықтап келеді. Биылғы алғашқы алты айда елімізге 13 халықаралық спорт федерациясы мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып, атқарылып жатқан мемлекеттік саясатқа деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі халықаралық федерациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инфрақұрылымды дамыту және елімізде маңызды спорттық іс- шараларды өткізу бағытында кешенді жұмыстар атқаруда.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.
 
Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

11 шілдеге дейін Instagram парақшаңызда өз тұлпарыңыздың фотосы/видеосын, немесе атпен бірге түскен ерекше сәттеріңізді бөлісіңіз.

Талаптары:

1. Осы постқа репост жасау.
2. Хэштегтерді қою: #МеніңТұлпарым #МойТулпар #ҚРАСФ #ФКСРК
3. Федерация аккаунтын белгілеу: @equestrian_kz

Қалай таңдаймыз?

Пост белсенділігіне назар аударылады: лайктар мен пікірлер саны маңызды.
Неғұрлым көп қолдау жинасаңыз – соғұрлым жеңіске жақын боласыз!

Сәттілік! 

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1