Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортпен айналысу мүмкіндігін арттыру шаралары туралы баяндады.
📊 Қазіргі ахуал:
Елімізде 25 760 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 23 678-і – мемлекеттік, 2 082-сі – жекеменшік.
Спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 55,1%-ға жетті. Мақсатымыз - бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 65%-ға жеткізу.
🔹Жаңа нысандар:
Соңғы жылдары жобалау мен пайдалануда заманауи стандарттар енгізіліп, нысандардың қолжетімділігі мен тиімділігі артып келеді. Биылғы 9 айда 35 спорт нысаны пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 67 нысанның құрылысы аяқталады.
Астана қ., Нұра ауданы
Қарқаралы Тас Жолы, 1


«А» тобы:
Астанадағы АССК «Арғымақ» аренасында Қазақстан Республикасының конкур бойынша чемпионатының екінші жарыс күні өтті. 140 және 125 см биіктіктегі кедергілермен маршруттар шабандоздар мен аттар үшін нағыз сынақ болды.
