
Күн сайын жол қозғалысы ережелерін сақтамау мен жауапсыздықтың салдарынан жол апаттары орын алуда. Қауіпсіздік өзіңнен басталады!
«Заң және Тәртіп» нарративін жүзеге асыру елорда прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілуде.
102057983


Күн сайын жол қозғалысы ережелерін сақтамау мен жауапсыздықтың салдарынан жол апаттары орын алуда. Қауіпсіздік өзіңнен басталады!
«Заң және Тәртіп» нарративін жүзеге асыру елорда прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілуде.

2025 жылғы 29 мамыр мен 1 маусым аралығында Астанада Конкур бойынша Евразиялық лиганың Әлем кубогы кезеңі (FEI CSI1-W) және атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI1) өтеді. Жарыстар Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады.
Байрақты бәсекеге Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен және басқа да шетелдерден 60-тан астам шабандоз қатысады.
Спортшылар 2026 жылы өтетін FEI Әлем чемпионатына жолдама беретін рейтингілік ұпайлар үшін сайысқа түседі.
Турнир бағдарламасы конкур мен дрессура сияқты көрерменге қызықты, әсерлі спорт түрлерін қамтиды. Бұл дода көпшілік қауымның назарын аударып, ат спортына деген қызығушылықты арттырады.
Астанада халықаралық деңгейдегі турнирдің өтуі еліміздегі ат спортының дамуына үлкен серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

2025 жылдың 4 мамырында Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық бәйге турнирі өтті. Додада еліміздің 20 өңірінен келген 100-ге жуық жүйрік ат қатысты.
Жарыс 1200-ден 2000 метрге дейінгі қашықтықтарда өтті. Ұлттық спорттың дәстүрлі түрлері топ бәйге мен аламан бәйге де ұйымдастырылды.
Шілде айында «Елорда кубогы» және көкпардан ашық турнир өтсе, тамызда Конституция күніне арналған бәйге, қыркүйекте маусымның жабылуына орай көкпар сайысы өткізіледі.
Күзде және қыста Республика күні мен Тәуелсіздік күніне арналған конкур жарыстары жоспарланған.
Жылдың басты оқиғасына айналатын 30 мамыр мен 1 маусым аралығында «Арғымақ» атты ат-спорттық-сауықтыру кешенінде өтетін конкур бойынша Евразиялық лиганың Әлем кубогы кезеңі мен дрессурадан халықаралық турнир болмақ.
FEI - Халықаралық ат спорты федерациясының қолдауымен өтетін бұл жарыстарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де шет мемлекеттерден 60-тан астам шабандоз қатысады.
Турнир халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, еліміздегі ат спортын дамытуға тың серпін бермек.
Балаларды, әсіресе терезе мен балкон маңында ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Маскіт торларына сенбеңіз – олар баланың салмағына төтеп бере алмайды. Терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз. Балалар өрмелеп кете алмас үшін терезе маңындағы жиһазды алып тастаңыз. Қауіпсіздік – Сіздің қолыңызда.
«Заң және Тәртіп» нарративін іске асыру аясындағы барлық іс-шаралар Астана қаласы Прокуратурасының үйлестіруімен өтуде.
Өтетін күні, уақыты: 21.05.2025, 11:00.
Тақырыбы: «Астанада әлемдік деңгейдегі халықаралық ат спорты жарыстарын өткізу туралы».
Спикерлер:
Ат спорты әлемін ашыңыз!